Жамбылда не жаңалық?

Шу

бильярдттан турнир өтті Шу қаласындағы Балуан Шолақ атындағы кешенде республикалық турнирлерінің жүлдегері Арман Қосақовты еске алуға арналып, бильярдтан аудандық жарыс өтті. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов сөз сөйлеп, әуесқой қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша Жаңатас қаласының тұрғыны Данияр Садықов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Марат Әскербеков пен Асқар Айтжанов жүлделі орындардан көрінді. Қосақовтар әулеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен ...

Read More »

Сарысу

«руханият орталығы» ашылды Жаңатас көп салалы колледжінде «Руханият орталығы» ашылды. Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау аясында тұсауы кесілген орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз сөйлеп, бұл залда маңызы жоғары жиындар, семинарлар өтетінін айтты. Аталған орталықта «Туған жер», «100 есім», «100 оқулық» бағыттары бойынша арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, студенттердің қолымен жасалған макеттер, бұйымдар қойылған. Колледж директоры Нұрландия ...

Read More »

Талас

ауылдан шыққан шебер С. Шәкіров ауылының тұрғыны Қайрат Жадағазыұлы ескі «Жигули» автокөлігінің моторын пайдаланып, тиісті тетіктерді құрастырып, оған шөп оратын және тырмалайтын агрегатты қосты. Енді қосымша шөп тайлағыш қосылмақ. Шебер жігіт өзінің ойлап тапқан кешенді құрылғысымен шөп орағы науқаны кезінде ауылдастарына да көмек қолын созды. Бір өзі бірнеше жұмысты атқаратын ақылды автокөлікке ауылдастары дән риза.

Read More »

ЖУАЛЫ

Қожалық жетекшілері бас қосты Аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Жигули Дайрабаевтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға жуалылық серіктестіктер мен шаруа қожалық жетекшілері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Жиналғандар алдында аудандық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Смайыл Көбесов сөз алып, шаруалардың атынан картоп өсіруге субсидия төленсе, тұқым сапалы болса, жанар-жағармай қолжетімді болса деген ұсыныстар айтылды.  

Read More »

ТАЛАС

Көшек батыр ауылында – жаңа спорт алаңы Кеңес ауылдық округіне қарасты Көшек батыр ауылында жаңа спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл нысан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Қалалардың және елді мекендердің объектілерін жөндеу» жобасының негізінде салынды. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Досмұханбет Әлиев сөз сөйлеп, ауыл жастарының ішінен спортшылар шыға беруіне тілектестік білдірді. Жиналған көпшілікті ...

Read More »

Қордай

Кенен мұражайына саяхат Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушылары сынып жетекшілерінің бастауымен сал-серілердің соңғы тұяғы саналатын Кенен Әзірбаевтың мұражай үйіне саяхат жасады. Мұражай қызметкерлері оларға ақынның көзі тірісінде қолданған заттарын көрсетіп, шығармашылығы жайлы кең мағлұматтар берді. Жол-жөнекей жас саяхатшылар асу биігіндегі Қордай батыр кесенесіне де аялдап, аты аңызға айналған батыр туралы ...

Read More »

Мойынқұм

«Оргстрой» серіктестігі гранитті өңдейді Мирный ауылдық округі маңында орналасқан «Оргстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы кезге дейін гранитті өндіру жұмыстарымен айналысып келген еді. Енді бұл серіктестік гранитті өңдеуге көңіл бөліп, бордюр, тастақта сияқты құрылыс бұйымдарын шығаруға қол жеткізіп отыр. Бұл жобаның жалпы құны – 873 миллион теңгені құрайды. Гранитті өңдеуге арналған кәсіпорын толық қуатында іске қосылса, 80-100 адам жаңа жұмыс орнымен ...

Read More »

Т.Рысқұлов

Бақ ынтымаққа қонады Құланда жеке кәсіпкерлер бір кооперативке бірігуде. Кооператив басшысы Қуаныш Қожанның айтуынша, мұндай ұмтылыстың оң нәтижесі бар. Қазір бұл кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын қолдайтын қорлар мен банктерден 102 миллион теңге несие алып, 361 бас асыл тұқымды сиыр сатып алған. 5 миллион теңгеге сатып алған сүт салқындататын танкердің де істі ілгерілетуге көмегі зор.

Read More »

Сарысу

Жаңатаста өткен жастар акциясы Жаңатаста «Сарысулықтар латын әліпбиіне көшуді қолдайды» атты патриоттық акция өтті. Акцияны аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова ашып, латын әліпбиіне көшудің тиімділігі, оған жету жолындағы мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. Мұнан соң «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудандық офистің өкілдері Қуандық Алдабергенов, Дариха Пазылбекқызы және Жаңатас көп салалы колледжінің директоры Нұрлан Түйкебаева жаңа әліпбиге көшу өркениетке жол ашатынын айтты. ...

Read More »

Қордай

Музейге тарту Аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі үш жарым мыңнан астам жәдігерлердің қатары жазда өткізілген «музейге сый» акциясы аясында толыға түсті. Аудан тұрғындары Евгений Голуб отбасылық мұрағатынан көне қабырға сағаты, жіп иіргіш, шоқ үтік, Абдрайым Мұсажан жазу мәшіңкесі, миксер, есепшот, ал Вадим Яковлев бұғы мен арқар бастарының тұлыбы тәрізді құнды дүниелер әкеліп тарту етті.  

Read More »