Хабиб Нурмагамедов Мейвезердің UFC чемпионы МакГрегорды талдырып тастауын тіледі

Хабиб Нурмагамедов Мейвезердің UFC чемпионы МакГрегорды талдырып тастауын тіледі

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов 26 тамызда жеңіл салмақта UFC  чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекті міндетті түрде көретінін айтады. Сонымен бірге, ол Мейвезердің ирландиялық файтерді талдырып тастауын қалайтынын да жасырмады, – деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.  “Әрине, жекпе-жекті көремін. Мейвезер жеңетін сияқты. Негізі Конорды талдырып тастағанын қалаймын. Сосын мен Фергюсонмен жұдырықтасып болғанша дейін Конордың үзіліс ала тұрғаны жақсы болатын еді. Кездесудің екінші бөлігінде, алты раундтан кейін Мейвезер оны ойыншық қылады. Флойд мүлде басқа деңгейдегі боксшы.  ММА мен бокс мүлде басқа. Тік тұрып жұдырықтасатын файтерлер үшін күрес амалдарын қолданбай кәсіпқой боксшымен спарринг өткізу ауыр. Бірақ бір түйткіл бар, Мейвезер екі жыл жұдырықтасқан жоқ және бұрынғыдай жаттыққан да емес. Оның физикалық дайындығы қандай деңгейде болатыны көпшілікті қызықтырып отыр. Осының бәрі алдағы жекпе-жекті қызықты етіп тұр”, – деп келтіреді Нурмагамедовтың сөзін sport-express.ru. Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

ақпарат көзі tengrinews.kz

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>