«Ақ жолда» – жаңа басшы

«Ақ жолда» – жаңа басшы

2P8A8001-

Кеше облыстық «Ақ жол» газеті құрылтайшыларының шешімімен
Қуат Әуесбай
«Ақ жол» газетінің
Директор-Бас редакторы болып бекітілді.

Қуат Әуесбай Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын «Ана тілі» республикалық газетінде тілші болып бастады. Республикалық «Айқын» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеді. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі Мемжер ҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі-«Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, республикалық «Халық сөзі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.
ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, ҚР Ұлттық музейінің жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Еуразиялық Топ ЖШС-ның Сыртқы корпоративтік коммуникациялар департаментінің сарапшысы, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары болды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>